29.10.2015, 12:01
Қараулар: 131
Басты бағыт айқын

Басты бағыт айқын

8.15.10.15Елбасының «100 нақты кадам» бағдарламасының ең басты алғашқы шарты кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Мемлекеттік аппараттың құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік дамуы кезеңінде атқаратын ролі ерекше болуы қажет.  Біз мемлекеттік қызметшілер Елбасының мемлекеттік болашағы үшін жасап отырған бағдарламаларын қолдай отырып, бұқара арасында кең түрде насихаттауымыз қажет деп түсінемін.

Әрбір елде мемлекеттік қызмет реформаларының күн тәртібі өздерінің көкейтесті мәселелерін талдау арқылы анықталады. Ал аталмыш бағдарлама әрбір елдің стратегиялық басымдықтарынан, бәсекелестік артықшылықтарынан, әлеуметтік-экономикалық үлгі­сінен, демократияландыру деңгейінен және қоғамның күтілімінен туындайтын өзіне тән сын-қатерлерін ескере отырып жасақталған. Әрине, кейбір сын-қатерлер әмбебап сипатта болып, жаhандық факторлардан туындайды. Ал кейбіреуі тарихтың ортақтығына, мәдениет пен дәстүрлердің ұқсастығына байланысты өңірлік ерекшеліктерге тәуелді болады. Осы тұрғыдан біздің тәуелсіз еліміздің мемлекеттік қызметті реформалау жүйесі халықаралық  дәрежеде зерттеліп, жай ғана ұқсастық емес, өзіндік үздік тұстардың басымдықтарымен ерекшеленді. Бұл басымдықтардың көрсеткіштері:

— кадрларды іріктеу және қызмет бабында жоғарылату жүйесіне халықтың сенім деңгейін арттыру;

— меритократия қағидаттарының сақталуына мемлекеттік қыз­метшілердің өздерінің сенім деңгейін арттыру;

— мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімдігіне азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру.

2013 жылдың 26 наурыздан бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бірқатар заңға қарасты актілер қабылданды. Мемлекет басшысы жанынан Кадрлық ұлттық комиссия құрылды.

Жаңа заңнама кадрларды іріктеу және қызмет бабында жоғарылату кезінде меритократия қағидасын күшейтуді,  «А» басқару корпусын құруды, персоналды басқару тетіктерін жетілдіру және этикалық бақылауды күшейтуді қамтамасыз етеді. Осы мақсаттарда:

— конкурстық іріктеу және кадрлар резервін қалыптастыру тетіктері жетілдірілді;

— конкурстық комиссиялар қызметінің ашықтығын арттыру шаралары көзделді;

— мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау мүмкіндіктері барынша азай­тылды;

— мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау, тағылымдама ету, мансаптық жоспарлау, кадрларды алмастыру ұғымдары енгізілді;

— мемлекеттік органдарда персоналды басқару қызметтерін және өңірлік деңгейде бірыңғай кадрлар қызметтерін қалыптастыру көзделді.

Атап айтқанда, тұңғыш рет Заңға қызметтік этиканың сақталуы және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы бойынша жеке тарау енгізілді.

Мемлекеттік қызмет пер­соналдарын онлайн режимінде басқару тетіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін құру жұмысы басталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа ала отырып, аудан бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес барлық бос вакансиялар туралы және жарияланған конкурстар мен нәтижелері туралы ақпараттар аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып тұрады. Сонымен қатар барлық өткізілген конкурстық комиссия отырыстарына бай­қаушылар қатыстырылып келеді.

2013 жылы 22 бос лауазым орындарына конкурс жарияланып, 16 адам жұмысқа алынса, 2014 жылы 27 бос лауазым орындарына конкурстар жарияланып, 18 адам жұмысқа қабылданды. Ал 2015 жылдың 9 айында 17 бос лауазым орындарына конкурстар жарияланып, нәтижесінде 12 адам жұмысқа қабылданып, 3 адам кадрлар резервіне ұсынылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №718 «Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып,  мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу,  сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 қазандағы №06-7/148 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерді бекіту қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тәлімгерлікті ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы №04-2-4/93 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес Сырым ауданы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу жөнінде аудан әкімі аппараты жанынан бірыңғай комиссия құрылып жұмыстануда.

Аудандағы 122 мемлекеттік қызметшілердің қажетті деректері «Е-қызмет» ЫАЖ ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары толығымен меңгеріліп, қалыпты жүргізілуде.

Е.СӘрсенов,

аудан әкімі аппаратының басшысы

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар