5.11.2015, 15:56
Қараулар: 108
Маңызы зор құжат

Маңызы зор құжат

8.15.10.15Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың баршаға арналған «100 нақты  қадам» бағдарламасы Еліміздің дамуына мол мүмкіндік беретін, алға бастайтын жоспар,  нақты бағыт екеніне көзіміз жетті.

Мен өзім жеке кәсіпкер ретінде осы салада біраз жылдан бері еңбек етіп келемін. Ауылдастарымның ризашылығына бөленіп, қандай игі бастама, іс-шаралар болсын қатысып, ауыл-аймағымыздың дамуына өз үлесімді қосудамын. Ауыл әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі ауыл ақсақалдары болып бірігіп жұмыстанудамыз. Қазір көпшілік игі істерді ауыл тұрғындары өз күштерімен, ұйымшылдықпен ауызбіршілікпен атқарып жүр. Оның дәлелі – ауылымызда аудан, ауыл арасында бірінші болып Ауыл күнінің өткізілуі.

Жалпы бірліктің арқасында, түсіністік, үлкенді сыйлау, ақыл кеңесіне құлақ асу сияқты қарапайым қазаққа тән қасиеттер арқылы біраз шаруалар іске асырылады. Осы тұста  «100 нақты қадамда» көрсетілген қоғамдық кеңестердің жұмысы, олардың өкілеттіліктерін заңмен бекіту – қоғамдық кеңестің жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру деген сөз. Бұл өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Мемлекетіміздің өркендеуіне оң нәтиже беретініне сенімдімін.

 

 

Г.ОразҒалиева,

жеке кәсіпкер,

Аралтөбе ауылдық округі,

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар