19.11.2015, 16:29
Қараулар: 58
Үйірме жұмыстарының маңыздылығы

Үйірме жұмыстарының маңыздылығы

1.19.11.15Батыс Қазақстан медициналық колледжінде  35 үйірме жұмыс жасайды. Үйірмелердің мақсаты – студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығы мен өз кәсіби біліктілігін арттыру. Соның ішінде “Микробиология, вирусология және микробиологиялық зерттеу әдістері” пәні бойынша Луиза Эдиссонқызы жетекшілігімен “Луи Пастер” үйірмесі жыл сайын жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта 25 студент жұмыстануда (II-III курс студенттері).

“Луи Пастер” үйірмесі келесі бағыттарда жұмыс жасайды:студенттер әртүрлі баяндамалар дайындайды, мектеп жасындағы оқушылар мен жеткіншектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, әртүрлі зерттеу жұмыстарының бағытын үйретеді, пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық жұмыстарын жүйелендіреді, достық, қарым-қатынас тәрбиесін ұжымдық шығармашылық еңбекке ынталандырады.

Сондықтан үйірме жұмысы оқушының жеке басының дамуына тиімді әсер етеді. Үйірме жұмысының отырыстары әр оқушымен жеке жұмыстануға мүмкіндік береді, ойлау қабілетін кеңейтіп, өз ісіне деген ынтасын арттырады. Үйірме отырысында оқушылардың жеке жұмыстарын қаралады. Әр түрлі тақырыптарды ортаға салып, өз ойларымызбен бөлісеміз. Алдымен жетекшіміз жұмыс барысын түсіндіріп, әртүрлі зерттеу жұмыстарын көрсетеді.Ары қарай берілген тапсырмаларды орындауға кірісеміз. Адамның өз ізденісі арқасында білген жаңалығы-өз ісіне деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Үйірме жұмысының мақсаты мектеп оқушыларына биологиялық материалдармен жұмыс жасау кезінде негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде білім беру, балалардың білім сапасын көтеру, ғылыми зерттеу  жұмыстарына ынтасын арттыру, биология пәніне деген түсініктерін кеңейту болып табылады. Зерттеу жұмысы кезінде үйірме мүшелері әртүрлі қиындықтарға кездесіп, теріс нәтижеге ие болады. ”Жаңылмайтын тұяқ жоқ “ демекші, кателесеміз.Сол сәтте, жетекшіміз сәл жымиып қатемізді түзеп, өз білгенін барынша жеткізеді. Колледжімізде оқу-ізденіс жұмыстары жетекшілер көмегімен жыл сайын жүргізіледі. Бұл үйірмеге өз мамандығымыз жөнінде толығырақ білуге, өз бетімізбен жұмыстар атқаруға дағдылануға, ой-өрісімізді кеңейту мақсатында қатынасып отырмыз.

“Адамның денсаулығы – қоғам байлығы” атты ізденіс зеттеу жұмыстарының қорытынды конференциясында  “Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер” секциясы бойынша жылдық конференция нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі 3 орынға ие болды. Сонымен бірге, ”Менингококкты анықтау” баяндамасымен Ж.Қойшыбаева  ІІІ орынды алып, ”Ғылым әлемін ашамыз” атты (Ақтөбеде өткен) облыстық конференцияда атап өтілді.

Адамды арман ғана алға жетелейді. Адамның өз ісін сүю мен тәжірибе жинақтауы адам баласын жалықтырмайды. Содан да болар, үйірме мүшелері жетекшіміз үйреткен әдістер мен білім жүйесін, берген тапсырмаларын уақытында орындап жақсы нәтижеге ие болуға асығамыз. Жаңашылдық, жаңа нәрселерді білуге, үйренуге әрдайым кұштармыз.

 

 

“Луи Пастер” үйірмесінің мүшелері