26.11.2015, 11:47
Қараулар: 275
Достық – татулық белгісі

Достық – татулық белгісі

9.26.11.15Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында Сырым колледжінің ұжымы достық, ынтымақтастықты нығайту мақсатында құт  қонған, бақ дарыған, береке орнаған киелі өлке – Қаратөбе еліне қонаққа барды.

Колледж ұжымы алдымен Алаш құрбандарына қойылған ескерткішке тағзым етіп, аудандық мешіт, орталық саябаққа барып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлерге қойылған монумент басына гүл шоқтарын қойды. Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлы Сырым колледжінің ұжымымен жүздесіп, ыстық ықыласын білдірді.

Жалпы білім беретін Шөптікөл орта мектебінде спортттық шаралар ұйымдастырылды.  Спорттық шарадан соң Сырым колледжі студенттері өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Кеш Қаратөбе колледжінің студенттері дайындаған концерттік шарамен жалғасты.

Кездесу соңында Сырым колледжінің директоры Санат Дәленұлы құшақ жайып, қарсы алған Қаратөбе колледжінің ұжымына өз ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» пен естелік сыйлық тарту етті. Қаратөбе колледжінің директоры  Мәулен Аманшаұлы спорттық ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшыларды диплом мен медальдармен марапаттап, Қаратөбе колледжі  ұжымы атынан Сырым колледжі ұжымына алғысын білдіре отырып, «Алғыс хат» пен достық пейілмен «Достық» паносын сыйға тартты.

 

Ә.ЕсмҰханова,

«Сырым колледжі» МКҚК, арнайы пән оқытушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар