26.11.2015, 12:03
Қараулар: 159
Сахнада – әжелер

Сахнада – әжелер

???????????????????????????????Аудандық мәдениет үйінде «Әжелер ән әлемінде» атауымен аудандық әжелер алқалары арасында байқау өтті. Әр ауылдық округтен келіп байқауға қатысқан 10 әжелер алқалары патриоттық және халық әндерін орындау арқылы бағаланды. Қазылар алқасының берген бағасы бойынша бұландық «Ару ана» әжелер алқасының әндерді орындау шеберліктері мен көрсетілген қойылымдары жоғары бағаланып, І орынға лайықты деп танылды. ІІ орынды Талдыбұлақтың «Ақ әжелері» мен Тасқұдықтың «Ақ маржаны» еншілесе, Жымпитының «Ақ ниеті», Жетікөлдің «Сырғалымы»,  Алғабастың «Ақ баяны» ІІІ орындарды бөлісті. Жеңімпаз атанған әжелер алқасына аудандық «Демалыс орталығы» мен «Сырым жауһарлары» атынан сияпат көрсетілсе, Аралтөбе ауылынан келген «Асыл    әжелер»,   Бұлдыртының «Ақтілек»,  Жосалының «Жан ана»,  Шағырлыойдың «Назқоңыр» әжелеріне алғыс хат ұсынылды.

 

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар