24.12.2015, 11:38
Қараулар: 41
Желтоқсанның жаңғырығы

Желтоқсанның жаңғырығы

10.24.12.15Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық ауруханада медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Сызы әлі күнге дейін кетпеген, жүректердің жарасы әлі жазылмаған қазақ тарихындағы ызғарлы Желтоқсан оқиғасының куәгері, аудандық орталық ауруханадағы кіші қызметкер Раушан Алдиярова сол кезде Алматы құрылыс училищесінде студент екен.

Сол кездегі көріністі оқиғаны көзімен көріп, еш жазықсыз оқудан шығарылғанын Р.Алдиярова айтып берді. Аудандық орталық аурухананың директоры Асхат Дүйсенғалиев тұғырлы Тәуелсіздігімізге қол жеткізуге сеп болған Желтоқсан оқиғасының  куәгері Р.Алдияроваға және жыл бойы жемісті еңбегімен көрінген бірнеше дәрігерлер мен медбикелерге алғыс айтып, біліктіліктерін арттырған дәрігерлерге арнайы куәліктерін табыстады.

Өз тілішімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар