24.12.2015, 11:42
Қараулар: 72
Мектептегі шара

Мектептегі шара

???????????????????????????????Жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған мектеп ұстаздары және оқушыларының қатысуымен мерекелік шара өтті.

Шара барысында сөз алған Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Төлепов Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткергендігін, осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлденіп жайнауына аянбай енбек ету қажет екендігін атап өтті. Осы орайда Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептерінің бір топ ұстаздары ауыл тұрғындарының игілігі жолындағы еселі еңбектері үшін ауыл әкімі атынан ұсынылған дипломдарға қол жеткізсе, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің директоры М.Бижанов түрлі сайыстарда топ жарып, биік белестерді бағындырып жүрген мектептің үздік мұғалімдері мен оқушыларын марапаттады. Мерекені айшықтайтын әндер шырқалып, «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарына қабылданған  оқушыларға галстук және төс белгі тағылды. Тұғыры биік Тәуелсіздікке арналған шара «Ақ гүлдер» акциясымен қорытындыланды.

М.Ерниязова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар