24.12.2015, 11:47
Қараулар: 48
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ЖАЛҒАСУДА

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ЖАЛҒАСУДА

Баршамызға  мәлім, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде  барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да  заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқан басталды.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық көрсетілген. Оның ішіне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.

Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуі мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстар, сонымен қатар жалған ақша, құнды қағаздар мен құжаттарды заңсыз жасау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.

Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан  мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы  бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жатады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке қатысты, барлық жергілікті әкімдіктерде арнайы құрылған комиссиялар қарастырылған.

Заңның 7-бабында мүлікті жария ету жария ету субъектілерімен комиссияға құжаттар тапсыруы арқылы өткізілетіндігі айтылған.

Көрсетілген инстанцияларға жүгінген кезде азаматтар:

-мүлікті жария етуді өткізуге тиісті үлгідегі арыз;

-түпнұсқасын ұсынып жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері ұсыну қажет;

-объектінің техникалық паспорты;

-ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын талап етіледі.

Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Бүгінгі күнге Сырым аудандық әкімдігінің жанынан құрылған жылжымайтын мүліктерді жария ету комиссиясына 26  құжат тіркеліп, оң шешімін тапты.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет басқармасының  басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар