24.12.2015, 11:49
Қараулар: 24
Бала құқығы – адам құқығы

Бала құқығы – адам құқығы

Жалпы  білім беретін  Жырақұдық  орта  мектебінде    Дүниежүзілік   балалар  күніне  арналған   «Бала  құқығы – адам  құқығы»  атты   республикалық  онкүндік  өтті. Осы  онкүндікке  жоспар  жасақталып, оқушылардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру бағытында  жас  ұстаз құқық  негіздері пәнінің  мұғалімі  Қ.Әбілқасымов   балаларды    құқықтық  ережелермен  таныстырып, мектеп психологі А.Сәлімов әр түрлі құқықтық келеңсіз жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, оқушыларға қызықты  тренингтер өткізді.

Барлық   сыныптарда  бала  құқықтары  туралы  тәрбие  сағаттары    өтті  және   ата-аналар  жиналыстарында «Бала және  отбасы  құқығы»  тақырыбында  баяндамалар  тыңдалды.

Әлеуметтік  педагог   Г.Касенова  9-11  сыныптар  аралығында  «Заңды білу – заман  талабы» тақырыбында    интеллектуалдық  пікірсайыс   өткізді.

«Сұнқар» жас полицей тобының жетекшісі Р.Атқаев және аймақтық инспектор Е.Зейнуллиннің  қатысуымен  «Жасөспірім  және  құқық»  тақырыбында кәмелетке  толмаған   балалармен,  7-11  сынып  оқушыларымен  ашық  әңгіме  өткізді.

 М.УӘлиева,

ЖББ  Жырақұдық  орта  мектебі,

мектеп директорының тәрбие  ісінің меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар