24.12.2015, 11:52
Қараулар: 68
Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Сырым ауданының ішкі істер бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасымен қатар, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2014-2015 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламасы іске асырылуда. Жемқорлықпен күресу – баршаның ортақ парызы, абыройлы міндеті. Сырым  АІІб-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құрам арасында белсенді түрде жұмыс атқарылады. Негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауға, өзіндік қатарларда сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды жою бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралары жүзеге асырылуда. Біздің тарапымыздан жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді салып жұмыстанудамыз. 2015 жылдың 12 айында Сырым АІІб қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық немесе дөрекі тәртіп бұзушылықтар жасап, жағымсыз жағынан ІІО-нан шығаруға әкеліп соғатын жағдайлар болмағанын анық айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар жасағаны үшін айыпталған полиция қызметкерлері болған  жағдайда, ашық сот отырысын өткізу бөлім басшылығының бақылауына алынып отыр.

 Осы қоғам дертіне байланысты ауыл тұрғындары құқық қорғау органдарына шағым айтқысы келсе, төменде көрсетілген  сенім телефондарына қоңырау шалуға болады. Сонымен қатар, БҚО ІІД  жанындағы Тәртіптік комиссия жемқорлық, заң бұзушылық, қызметтік тәртіп пен атақ беделін түсіру мәселелерін қарастыратынын қатеріңізге саламын.

8711 2 98-45-68, 92-10-90 облыстық ішкі істер департаменті, 31-1-37, 31-1-45 Сырым ауданының ішкі істер бөлімі.

А.ӘлмҰханов,

Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар