24.12.2015, 15:37
Қараулар: 52
Жаңа нысандар іске қосылды

Жаңа нысандар іске қосылды

3.24.12.15ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Жетікөл ауылдық округінің орталығы Қосарал ауылында жергілікті спортсүйер бұқараның игілігіне жаңа нысан пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу шарасына аудан басшысы Абат Шыныбеков қатысып, ауыл тұрғындарын мемлекеттік мейраммен құттықтады.

«Қайсар» спорт клубы Жетікөл ауылдық округінің филиалы орналасқан жаңа ғимаратта әдіскерлерге арналған бөлме мен киім ауыстыратын орын және кішігірім спорттық зал бар. Спорттық зал шағын спорт сайыстарын өткізуге өте ыңғайлы.

Күрделі жөндеу көргенге дейін бұл ғимарат қаңырап бос тұрған еді. Жаңағы жұмыстар «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Біздің ауыл» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

*      *      *

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қособа ауылдық округінің орталығы Қособа ауылында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл нысан арқылы жергілікті халыққа шаштараз, ателье, аяқ киім жөндеу және автосервис сияқты қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігі туды.

Жеке кәсіпкер Наурызғали Бисенов орталықтың қызметін жолға  қою мақсатында «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге көлемінде несие алған. Алынған несие арқылы ауылдағы ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жасалды. Әрбір ауылда үй жағдайында ғана қызмет көрсететін, қолы епті, еңбегі жергілікті жерде сұранысқа ие адамдар болады. Олардың біреуі көлік жөндейді, бірі шаш қияды, ал бірі киім тігеді. Күні бүгін халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығында ауылдың осындай 4 бірдей азаматы өз кәсіптерімен ресми түрде шұғылдануға кірісті. Тұрғындарға тиімді болуы үшін ауыл кітапханасы да осы орталыққа орналасты.

Орталықтың салтанатты ашылуы шарасына аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Бауыржан Ширмединұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар