9.01.2016, 10:29
Қараулар: 45
Қайырымдылық керуені

Қайырымдылық керуені

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында ауданымызда 2015 жылдың 2-16 желтоқсан күндері  «Қайырымдылық керуені» шарасы өткізілді. «Қайырымдылық керуені» шарасы барысында статистика басқармасы, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, обаға қарсы күрес бөлімшесі, ветеринария бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, аумақтық инспекция, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Балдырған» бала­бақшасы, тарихи-өлкетану музейі, «Сырым елі» қоғамдық-сяси газетінің редакциясы, Сырым колледжі, «Қайсар» спорт клубы секілді мекемелер аз қамтылған отбасыларына  азық-түлікпен көмек көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында ауылдық округтерде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, мектеп оқушы­ларының, ауыл жастарының, әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен қарттардың  үй-жайларын жинау, отын жару, қар аршу секілді жұмыстарға қолғабыс етілді. Қайырымдылық акциялары кезінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Қайсар» спорт клубы қызметкерлері әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларына қамқорлық көрсетіп, балаларға қысқы аяқ киім, қысқы күртеше, жылы киімдер сатып әперуді де ұмыт қалдырған жоқ.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай атамыздың ұлағатты сөзін әрдайым есте сақтап, қоғамымыздағы көмекке шын мұқтаж жандарға қол ұшын бере жүруге шақырамыз.

аудандық жұмыспе қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар