9.01.2016, 10:31
Қараулар: 36
 » 
Мүбәрак Мәуліт – дәстүрлі мереке

Мүбәрак Мәуліт – дәстүрлі мереке

Пайғамбардың туған күні Мәуліт мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Аудан әкімі А.Шыныбеков мүбәрак Мәуліт мерекесімен халықты құттықтады. Аудандық мешіттің бас имамы Б.Сабыралиев уағыз айтып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтып, жамағатты құттықтау лебізін білдірді.  Садақа, ас беруде, қазанамада халық үшін арзан бағамен қызмет көрсететін «Тамаша», «Мерей», «Оңаша», «Аруай»,  «Жолаушы», «Жарқын» мейрамханаларының иелеріне бас имам алғыс хат табыс етті.

Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары жүректі тербеп, көңілге ой салар діни термелер айтып, «Ата мен бала» атты театрландырылған көрініс қойылды. Көріністе немересі атасына сұрақтар қойып, зор тәрбиелік маңызға ие шариғатқа сай дәлелденген жауаптар алады.

Мәуліт мерекесі бір ай бойына жалғасады.  Оқушылар арасында шығарма жазудан, жамағатпен білім сайысы өткізілмек.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ