9.01.2016, 10:38
Қараулар: 63
Қазақтың дара ақыны

Қазақтың дара ақыны

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы драматург, публицист, Жастар сыйлығының иегері, Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты әдеби кеш өткізілді. Ақын өмірден өтсе де, ақынның шығармаларын оқырмандары іздеп оқиды. Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер, әдеби сын, аудармалар және балалар әдебиетіне өлшеусіз  үлес қосты. Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе де болады. Сөз кезегін ауданымыздың ақыны, ардагер Е.Баймұханбетов алып, Қ.Мырза Әліге арнаған өлеңдерін оқыды. Ақынның «Туған жер», «Домбыра» атты өлеңдерін кітапханашылар оқыды. Зейнеткер-ұстаз К.Федянин  Қадыр ақынды өзгелерден дара шың қылып көрсететін ақын дарынына ерекше  нәр беретін қасиет – өлеңдеріндегі шын өмір мен шынайы сезім деп өз  ойын білдірді. Қадыр шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан-ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек.

 М.Ихсанова,

Кітапханашы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар