9.01.2016, 10:40
Қараулар: 57
«Қазыналы Қадыр әлемі»

«Қазыналы Қадыр әлемі»

2.09.01.16Қаңтар айының 5-і күні Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған «Қазыналы Қадыр әлемі» атты ашық есік күні өтті.

Атаулы күн облыс орталығындағы ақын ескерткішінің алдындағы «Сұлу сөздің сәйгүлігі»  атты Қадыр оқуларымен басталды. Бұл шарада қала мектептері мен өзіміздің ауданнан барған мектеп оқушылары Қадыр ақынның өлеңдерін оқыды. Әрі қарай ақынның мемориалдық музейінде естеліктер кеші өтті, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тәрбиелік сағаттар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды. Орталықтың кітапханасында Қадыр Мырза Әлінің «Балаларға базарлық!» атты кітабының тұсаукесері болды.

Орталықтың концерт залында өткен қорытынды шарада ақын шығармашылығын белсенді насихаттаушылар Қадыр Мырза Әлі атындағы медальмен марапатталды. Марапат иелерінің ішінде  Ә.Ғалымов, М.Төреғалиев, М.Қажиахметов, М.Ақбасов, Қ.Илашев, Р.Хасанова, А.Ойшы-баева сияқты ауданымыздың бірқатар азаматтары бар.

Осы күні Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшайрасына қатысқан жас ақындардың өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. «Абыз ақын, аңыз ақын!» деп аталатын бұл жинаққа жерлес ақын Б.Ширмединұлының өлеңі енген.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар