9.01.2016, 10:46
Қараулар: 40
Кәсіпкерлердің бастамасы

Кәсіпкерлердің бастамасы

3.09.01.16Сырым ауданының орталығы Жымпитыда жергілікті кәсіпкерлер Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Олар аудан орталығындағы халықтың әлеуметтік жағдайы әлжуаз тобына кіретін көп балалы жанұяларға Аяз ата мен Ақшақармен бірге барып, бүлдіршіндерге жаңажылдық сыйлықтар үлестірді.

– «Берсең, балаға бер!» деген жақсы сөз бар. Бүгін кәсіптегі әріптестеріміз өзара бірігіп, бірқатар отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар апардық. Балалар разы. Ата-аналар жағы ризашылықтарын білдіріп, еңбегімізге табыс тілеп жатыр. Біздер де өз тарапымыздан жанұяларға бала бақытын тілейміз! – дейді акцияның белсенді қолдаушы жеке кәсіпкерлер Гүлфия Нығметова мен Гүлнар Қайырғожина. Осы сияқты «Альбина» дүкенінің  иесі Гүлмаржан Тажаяқова мен «Алашорда» қонақ үйінің иесі Бейбіт Тахамбетов, «Кілемдер әлемі» дүкенінің иесі Рамазан Мамбетказиев акцияға қолдау білдірді.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиевтің айтуы бойынша осы күні 11 отбасының балаларына жаңажылдық сыйлықтар таратылды.

Бауыржан ШЕРім

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар