9.01.2016, 10:49
Қараулар: 48
Мерейлі жас иелері

Мерейлі жас иелері

???????????????????????????????Жаңа жылда мерейлі жасқа толған жымпитылық ақсақалдарды Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов шаңырақтарына арнайы кіріп құттықтады.

Ауданға еңбегі сіңген байырғы банк қызметкері Амангелді Нұрмұханов жетпістің бесеуіне келсе, ұзақ жылдар бойы малшы болған Төлепқали Әлиев 70 жастың төріне шықты. Ал, ұлағатты ұстаздық қызметті абыроймен атқарған Күлжан Джумағалиева 93 жасқа келіп отыр.

Ауыл әкімі туған мерейлі жастары мешін жылымен келген қарияларға жылы лебіздерін айтып, емен-жарқын әңгімелесіп, естелік сыйлық табыс етті.

Шынар Яудақызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар