22.01.2016, 10:08
Қараулар: 630
Тәрбиелік мәні зор кеш

Тәрбиелік мәні зор кеш

???????????????????????????????Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Мәуліт айы – дәстүрлі мереке» атты танымдық кеш өтті. Аталмыш кеш Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні Мәуліт мерекесіне арналса, бір жағынан жас буынды имандылық, инабаттылық, адалдыққа баулу мақсатында озыдырлды.

Тәрбиелік мәні зор кешті ашып жүргізген Талдыбұлақ мәдениет үйінің директоры Т.Хасанова имандылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттер жайында айтып өтсе, жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің тарих пәнінің мұғалімі Ә.Жұмахметов Мұхаммед Пайғамдардың өмірдеректерінен мәлімет берді. Мектеп оқушылары Пайғамбардың таңдамалы хадистеріне тоқталса, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Оразов, ауыл әкімі Қ.Исатаева жас ұрпақты әдептілік жолдан таймай, ілтипатты болуға шақырады. Кеш  соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

М.Ерниязова,

Талдыбұлақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар