25.01.2016, 11:11
Қараулар: 202
Апталықтың маңыздылығы

Апталықтың маңыздылығы

2.25.01.16Әдістемелік бірлестік жұмыстарының негізгі түрлерінің бірі – пәндік апталықтарын өткізу. Қосымша білім беру мекемелерінің бірі «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мекемесінде де үйірмелер арасында   апталықтар өткізу дәстүрге айналған.

Өткен оқу жылының қараша айында «Қолөнер, сурет – өресі биік кең өнер» тақырыбында апталық өткізілсе, осы жылдың қаңтар айының  жұлдызынан бастап «Өнер керек, ұрпаққа өлең керек» атты тақырыбында  хореография және вокал үйірмелері арасында  апталық мазмұнды әрі тартымды өтуде. Өткізілген  іс-шаралар мен ашық сабақтар жоспары апталықтың басталуына дейін  директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Апталықты өткізудегі мақсатымыз ақпараттық техно­логияларды пайдалана отырып, оқушыларға сабақтан тыс қосымша білім бере отырып, олардың бос уақытын  тиімді пайдаланып,  ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, өз беттерінше  шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болып табылады.

М.ЖҰбанова,

балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі