25.01.2016, 11:24
Қараулар: 173
 » 
Ауылда ілгерілеушілік бар

Ауылда ілгерілеушілік бар

???????????????????????????????Алғабас ауылдық мәдениет  үйінде өткізілген есептік кездесу барысында ауыл әкімі  Ө.Әменов  баяндама жасап, өткен жылғы атқарылған шараларға тоқталды. Сонымен бірге  ауылда жеке тұрғын профлист шығаруды қолға алып жатқанын және әмбебап спорт кешені ашылатындығы, ауылда күл-қоқыс, жарық мәселелері алдағы уақытта әлі де жалғасатыны, аудан әкімінің қолдауымен көшелерде су ұңғымалары қойылып жатқандығы айтылды. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов сөз алып, аудан көлемінде жасалған істерді айта келе, ауыл әкіміне Жаңа өңір мектебін жаппай сақтап қалуды атап өтіп, бұл мәселені аудандық мекемелермен бірлесе отырып шешуді тапсырды. Жиында ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Кәрімұлы мал қорымына қаражат бөлінгендігін айтып, алдағы уақытта көмектесуге тырысатынын жеткізсе, Сырым аудандық орталық ауруханасының басшысы А.Дүйсенғалиев денсаулық мәселесі өткен жылы жақсы нәтижемен аяқталғанын айтып, тұрғындарға дәрігерлік тексеріс биыл да жалғасатынын айтты. Қоғамдық келісім төрағасы С.Қаналиев ауылдағы өзекті мәселелерді атап өтті. 2015 жылдың 12 айында Алғабас ауылдық округі көлемінде әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталып, құқық бұзушыларға түрлі деңгейде әкімшілік шаралар қолданылды. Қылмыстардың көпшілігі түнгі мезгілде және спирт ішімдіктерін ішкен күйінде жасалатыны көрініп отыр дейді учаскелік полиция капитаны А.Сапиев. Жиында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов қорытынды сөз сөйледі. Жиын соңында сала мамандары тұрғындарды жеке қабылдады.

Н.БЕРДІҒАЛИҰЛЫ