25.01.2016, 11:29
Қараулар: 207
 » 
Газдандыру – күн тәртібінде

Газдандыру – күн тәртібінде

???????????????????????????????Тоғанас ауылындағы В.И.Шубин атындағы орта мектептегі есептік кездесуде ауыл әкімі Темір Саламатұлы өткен жылды қорытындылап, келер жылғы атқарылар жұмыстарға да тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, Шолақаңқаты өзеніндегі шлюзді, ауылға келетін 12 шақырымдық жолды, қолда бар бөгеттерді қалпына келтірумен қатар, ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, қоғамдық бау-бақша салу, шағын кәсіпкерлікті дамыту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, мал басын көбейту мақсатында шаруа қожалықтарына несие алуға көмектесу және Тоғанас ауылындағы мазутпен ластанған жерлерді тазалау сынды жұмыстарды атап көрсетті. Жиында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов сөз алып, ауданда атқарылған шараларға тоқталып, ауылдарды газдандыру мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айта келе, Шолақаңқаты мен Жаңа өңір ауылдарын газдандыру жұмыстары келер  жылы қолға  алынатынын   айтты. Аудандық орталық аурухананың басшысы А.Дүйсенғалиев ауылдық амбулаторияға дәрігерлік жедел жәрдем көлігі берілетінін жеткізсе, Сырым аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов сарып ауруы ауылда азайып отырғанын,  мал дәрігерлерінің жұмысына көңілі толатындығын айтып өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов Құспанкөл ауылының тұрғындарының жазбаша сұрақтарына жауап беріп, жиынды қорытындылады. Бұл ауылда да әдеттегідей, жиын соңында сала мамандары тұрғындарды жеке қабылдады.

Н.ТӨЛЕУІШОВ