25.01.2016, 11:34
Қараулар: 199
 » 
Тасқұдықтағы жиын

Тасқұдықтағы жиын

???????????????????????????????Тасқұдық ауылындағы өткен есептік кездесуде ауыл әкімі Сәлімжан Бекниязұлы өткен жылғы еңсерілген істерге тоқталып, атқарған жұмыстарын саралап өтті. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов аудандық мекемелердің жұмысына көңілінің толатынын айта келе, негізгі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Ауыл тұрғындары аудан әкімінің орынбасарына ұсыныс- тілектерін білдірді. Атап айтсақ, мектепке спорттық жабдықтар қажеттігі, ауыл  көшелерін тегістеу, аудан мен ауыл арасындағы жол қатынасы, мал соятын пункт сынды ұсыныс-тілектер айтылды. Аудан әкімінің орынбасары айтылған ұсыныстарға орай нақты жауабын берді. Сондай-ақ аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақыттша атқарушы Қайырбек Амандәулетұлы спорттық қажетті жабдықтарды “Қайсар” спорт клубымен бірлесе қарастыратынын айтса, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Кәрімұлы мал сою пункті жергілікті кәсіпкерліктің есебінен салынуы керектігін жеткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов түйіндеді.

Н. БЕРДІҒАЛИҰЛЫ