25.01.2016, 11:36
Қараулар: 120
 » 
Түйінді мәселелер айтылды

Түйінді мәселелер айтылды

???????????????????????????????Талдыбұлақ ауылының мәдениет үйінде өткізілген есептік кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов қатысып, аудан көлемінде атқарылған іс-шараларға тоқталып, баяндама жасады. Жиында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді айтты.

Атап айтсақ, тұрғындар ауыл ішінде бұралқы иттердің көбейіп кеткендігін, ауданмен қатынас мәселесі оң шешімін тапса деген тілектерін білдірді. Осы жиында ауылдық  амбулаторияның көлігін жөндеу мәселесі де сөз болды. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов аталған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта күн тәртібінде болатындығын жеткізді.

Н.Төлеуішов