4.02.2016, 11:57
Қараулар: 20
Аралтөбедегі кездесу

Аралтөбедегі кездесу

???????????????????????????????Ауылдық округ және аудан әкімінің есеп беру жиыны Аралтөбе ауылдық округінде өтті.

Ауданымыздың игілікті істері бейнабаян арқылы көрсетілді. Округ әкімі З.Ерғазиева  жыл бойына атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады. Аудан әкімі А.Шыныбеков ауданның өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Қаңтар айының соңына дейін газ құбыры тартылып тұрған ауылдарға көгілдір отын берілді.

«Жымпиты» ЖШС директоры  М.Төреғали, ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Таубағұлов  жергілікті әкімдердің есебіне оң баға берді.

Тұрғындар тарапынан газ, жарық, жол, аз қамтылған отбасыларға көмек жайында сұрақтар қойылды. Аудан басшысының айтуынша, құжаттары реттеліп аяқталған соң, қаңтар айының соңында  тұрғындар газбен қамтылды. Аудандық маңызы бар Жымпиты-Аралтөбе жолын күтіп ұстауға қатысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ө.Бектенов жауап берді. «Жолды күтіп ұстауды мемлекеттік сатып алу бойынша ұтып алған «Дорремсервис» ЖШС техникалары әзірге жөнделуде, егер жергілікті жердегі азаматтардың техникасы болса, келісімшартқа отырып, күтіп-ұстағаны үшін ақша төлеуге болады», – деді Ө.Бектенов. Жарыққа қатысты сауалға аудандық электр торабының бастығы Ж.Молдашев жауап берсе, аз қамтылған  отбасыларға көмек жайында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов: «Аз қамтылған отбасыларға 10 мың теңгеден бір реттік ақшалай көмек беріледі, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы аз қамтылған отбасылардың ішінде өз кәсібін бастағысы келетіндер болса, отбасының қабілетін есептеп, қажетті құрал-жабдықтар алу үшін қайтарымсыз ақша береміз, қаржының жұмсалуы қадағалауда болады», – деді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар