4.02.2016, 12:00
Қараулар: 46
Алда ауқымды міндеттер бар

Алда ауқымды міндеттер бар

???????????????????????????????Елбасының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру жиыны Бұлан ауылдық округінде сабақтасты.

 

Өткен жылдың жасалған жұмыстары туралы баяндаған ауылдық округ әкімі Т.Ихсанов ауылда электр желілерінің үзілуі мен су тазартқыш құралдың ескіруі шешуін табуды қажет ететінін айтты. Аудан әкімі А.Шыныбеков бес иституционалдық реформа, Елбасы Жолдауы туралы айта келе, 20 наурызда ҚР Парламентінің Мәжіліс  депутаттарының, барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттарының не үшін өткелі жатқанын түсіндірді.

Абат Абайұлы алдағы жылы Бұлан ауылындағы «Достық» лагерінің спорт  алаңын салу, ауласына хауыз салу жоспарланып отырғанын айтты. Бұлан  –  аудандағы биыл газ қосылған 10 елді мекеннің бірі. Ғаламторға шығу және байланыс мәселесі назардан тыс қалмайды.  Тұрғындар әкімдер есебіне қанағаттанатындарын білдіріп, жол, жарық, газ туралы сауалдар қойып,  оған  аудан басшысы жауап берді.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар