4.02.2016, 12:03
Қараулар: 49
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер анықталды

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер анықталды

11.04.02.16Аудандық мәдениет үйінде  Сырым сайлау округі бойынша  «Нұр Отан» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына  кандидат ретінде  ұсыну үшін резервке үміткерлерді анықтау мақсатында праймериз өтті.  Жиналысты «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков жүргізіп отырды. Жиынға бастауыш партия ұйымдары, партия мүшелері қатысты.

Облыстық мәслихат депу­таттығына үміткерлікке ұсынылған Нұрмұханов Ғанимат Қайыржанұлы мен Тоқтаров Марат Әнуарұлының өмірбаяндары таныстырылды. Үміткерлер мінберге көтеріліп, сөз сөйледі.

Партия мүшелері дауыс беру бюллетеньдеріне өздері таңдаған үміткерлерді белгілеп, жәшікке салған соң, есептік комиссия дауысты есептеп, нәтижесінде көпшілік дауыспен Ғанимат Нұрмұхановтың кандидатурасы облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылатынын мәлімдеді.

 «Нұр Отан» партиясының  Сырым аудандық филиалының төрағасы А.Шыныбеков праймеризді қоры­тындылады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар