4.02.2016, 12:06
Қараулар: 34
Дәріс-концерт өткізілді

Дәріс-концерт өткізілді

???????????????????????????????Батыстың дәстүрлі ән мектебінің негізін салушылардың бірі, тарихта аты алтын әріппен жазылған дарын иесі Ғ.Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығын арқау еткен, аудандық балалар саз мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Дархан Қажығалиевтің ұйымдастыруымен дәріс-концерт өткізілді.

“Өмір жолы – шығармашылығы” тақырыбында өткізілген кешке ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері қатысты. Кеште оқушылар Ғ.Құрманғалиевтің орындауындағы “Дайдидау” әнін тыңдады. Сонымен бірге ”Еңбек туралы терме”, ”Бала уату”, ”Жадымда болсын ерлерің”, ”Тайбурылдың шабысы-ай”, ”Әнші дауысы”, ”Ақ айша” сынды әндер де орындалды. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері М.Мамықов, М.Мұқанов, С.Әубәкіровтар және саз мектебінің ұстаздары А.Алдамжаров пен Д.Қажығалиев Ғ.Құрманғалиевтің орындауындағы әндерді шырқады. Кеш соңында М.Мамықов саз мектебінің оқушыларына ақыл-кеңесін айтты. Саз мектебінің директоры С.Жұбаниязова аудан­да өткен “Жарқын болашақ” байқауынан бірінші орын алған Қоңдыкер Елеуовтың облыстық байқауға жолдама алғандығын айтып, оқушыға сәт-сапар тіледі.

Нұрлан БЕРДІҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар