4.02.2016, 12:11
Қараулар: 36
Ауыл жастары қолдайды

Ауыл жастары қолдайды

13.04.02.16Қособа ауылдық округі әкімдігінің кіші мәжіліс залында “Жас Отан” Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтің және Сырым аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Досжан Тайшиевтің қатысуымен “Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында ауыл жастарының және тұрғындарының қатысуымен жиналыс өтті. Қособа ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гауһартас Сейтеков жиынды ашып, келген қонақтармен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сөз сөйлеген “Жас Отан” ЖҚ БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы жастарға   бағытталып айтылған тұстарына тоқталды. Жиын барысында жергілікті “Жалын” жастар ұйымының төрағасы Асхат Серіков ауылдағы жастар саясатының жоғары деңгейде жүзеге асып отырғанын баяндап, Елбасының халыққа арнаған Жолдауын ауыл жастары толықттай қуаттайтындығын жеткізді.

 А.АҚМҰХАНОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар