18.02.2016, 17:15
Қараулар: 62
Ауған ақиқаты

Ауған ақиқаты

2.18.02.16Ауған даласындағы соғысқа  27  жыл толуына орай  өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы  жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету және ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК мекемесінің қызметкерлері және үйірме  оқушыларымен бірге  Ауған соғысы қаһармандарына арналған саябақта ауған соғысы ардагері Дауылбай Әбубәкірұлы және БҚО «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төреағасы Серік Дүйсекешұлымен  кездесті. Кездесу оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Е.Есқабұловтың «Ауған ақиқаты» атты баяндамасымен бастау алды.Шара  барысында оқушыларға бүгінде Ауған соғысына қатысып, өздерінің интернационалдық борышын адал атқарып, елге аман оралған жауынгерлеріміз жайында және  ерен ерліктерімен қаза тапқан батырларымыз туралы кеңінен айтылды. Кездесу соңында мекеме басшысы Х.Елеуұлы ардагерлерге өз ризашылығын білдіріп, мекеме атынан Құрмет хатын табыстады.

 С.ӘжІҒалиев,

«Жас туристер станциясы» МКҚК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар