18.02.2016, 17:17
Қараулар: 67
Турнир тартысты өтті

Турнир тартысты өтті

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай  және жергілікті жауынгер-интернационалист Аманжол Ғұсмановты еске алуға арналған баскетболдан ХХІV дәстүрлі аудандық турнирі өтті. Жарысқа 11 команда бойынша 95 спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов қатысып, Аманжолдың білім алған жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің оқушылары ерлікке тағзым еткен концерт қойды. А.Ғұсмановтың құрдастары атынан «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы С.Сарғозиев, Ауған соғысының ардагерлері  Қ.Төлегенов пен Д.Кунеев, шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған мектептің АӘД пәнінің мұғалімі А.Абдрахманов алғыс хаттармен марапатталды.

Тартысты ойынның нәтижесі бойынша «Өлеңті» командасы І, «Жастар» командасы ІІ,  «Жетікөл» командасы ІІІ орындарға табан тіреді. Сарой командасы «Жеңіске деген жігерлігі үшін»  алғыс хатқа ие болды. Ойында белсенділік танытқан баскетболшылар да марапатталып,  Қ.Төлегенов «Ең үздің ойыншы»,  А.Мереев «Ең үздік шабуылшы»,  Р.Ибрагимов «Ең үздік  қорғаушы», Р.Лұқпанов  «Ардагер ойыншы», Ұ.Кенжеғарин «Ең үздік техникалық ойыншы» атанды.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар