18.02.2016, 17:18
Қараулар: 19
«Шұбар доп» бәсекесі

«Шұбар доп» бәсекесі

5.18.02.16Жуырда аудандық білім беру бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының аудандық турнирін ұйымдастырды. Турнирдің салтанатты ашылуы шарасына Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, спорт ардагері Ғилаж Қаналиев, аудандық білім беру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Қайырбек Аманғалиев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ерболат Мұқанов қатысты.

 Турнирдің барысы тартысты өтті. Командалар өз қарсыластарымен аса қызу ойындар жасады. Жалпы алғанда, волейбол ойыны – дене тәрбиесі пәні жаттығуларының ішінде адам координациясының қалыптасуына тиімділігі мол спорттың түрі. Білім беру саласының маманы ретінде, ауданымызда әуедоп спортына әуес оқушылардың қарасы көп екеніне қуандық. Мәселен, кешегі турнирдің өзіне 100-ге тарта оқушы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында Жамбыл негізгі мектебінің командасы І орын иеленді. Бұлан орта мектебінің командасы мен Жырақұдық орта мектебінің командасы келесі орындарды бөлісті. Қыздар арасындағы волейбол бәсекесінде А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды.

Қуаныш Райымов,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар