18.02.2016, 17:20
Қараулар: 19
Өнер саласында – 30 жыл

Өнер саласында – 30 жыл

???????????????????????????????Әбіл Бақтияров 1952 жылы  Теректі  ауданының  Далинский  ұжымшарында  дүниеге  келген.   Бертін келе ол,  Сырым ауданының  Алғабас  ауылына  қоныс  аударып,   сол  жердің  тұрғыны  болып  қала  берді.

Әбіл  ағамыз  сол  уақыттағы  колхоз  жұмысына  араласып, түрлі  техниканың  тілін  меңгеріп  жүргенінде,  сол  кездегі басшылық қызметтегі Ғайса Бекмұханов  кейіпкеріміз  Әбіл Төлеуішұлын  шақырып  алып,  ауылдық  мәдениет  үйінің  меңгерушілік  жұмысын  өзің  қолға  алсаң  деген  ұсынысын  білдірген  екен.    “Бұл  1986 жылдың  желтоқсан  айы  болатын”  дейді  Әбіл  Төлеуішұлы.  Содан  бері  сол  ауылдың  мәдениет үйінің  ыстығына да,  суығына да  көніп  келе  жатырған  ағамыз  ауылдың  талай  өнерлі  жастарының  биік  белестерден  көрінуіне  мұрындық  болды.  Атап  айтар  болсақ,  Серік Малаев, ағайынды  Жанат,  Бекболат,  Еркін  Есеновтер 1997 жылы  облыстық  “Жас қанат”  байқауында  жеңімпаз  атанып,  Республикаға  әнші,  композитор  Ескендір  Хасанғалиевтің  шақыртуына  ие  болса,  содан  кейінгі  жылдары, Қарлығаш Ғиылманова республикалық  байқаудан  бірінші  орын  алып,  Түркияға  жолдама  алған еді.  Міне,  Алғабас  ауылынан  осындай  өнерлі  жастар  шығып  еді-ау.  Әттегенайы,  сол  уақыттығы  дағдарысқа  байланысты олар әрісі Түркияға,  берісі  республикаға  жете  алмай,  ауылда  қала  берді. Егер  сол  уақыттарда  бәрінің де  жолдары  оңынан  болған  болса,  кім  білген? деп,  ағамыз  сұраулы  жүзімен  жымиып  қойды.  Одан  кейінгі  әр  жылдарда аудандық  байқауларда   Уәлихан,  Самархан  Базарбаевтар  және де  Жұлдыз  Сатова,  София  Кәрімғалиева,  Назгүл  Темершиналар  топ  жарып,  әрбірі  өз  биіктерінен  көріне  білді.  2000 жылдан  кейінгі,  облыстық  байқаулардың  лауреаттары атанған  Жанар  Ерғалиева,  Гүлсара  Марат,  Анар  Сатқан,  Гүлбағида  Егімберлі, Әміржан  Малаевтардың  биіктен  көрінуіне,  өзінің  барлық  шаруасын  ысырып  қойып,  жанын  сала  еңбек  еткен    азамат Ә.Бахтияров зейнет  демалысына  шығып  отыр

 Нұрлан Төлеуішов,

Алғабас ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар