18.02.2016, 17:21
Қараулар: 24
Ақынның жыр кеші

Ақынның жыр кеші

???????????????????????????????Зейнеткер ұстаз, “Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің үздігі ”, “Сырым ауданының құрметті азаматы”, “Періште көңіл” атты өлеңдер жинағының және ”Байбарақ батыр” жыр кітабының авторы, ақын-сазгер Кама Хабиқызының 80 жасқа толуына орай аудандық мәдениет үйінде ”Ұстаз-ақын” атты әдеби-саз кеші болып өтті.

Иә, құт дарып, қасиет қонған киелі Сырым елінен қаншама өнер адамдары шықты. Солардың қатарында өмірін өлеңмен өріп, әнмен асқақтатқан Кама Хабиқызы білім саласында да 40 жылға жуық еңбек еткен зейнеткер ұстаз. Осындай талант иесінің кешінде аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов құттықтау сөз сөйлеп, өнер иесінің иығына комзол жауып, гүл шоғымен алғыс хатын табыстады. Одан кейін “Жымпиты” ЖШС-ның директоры М.Төреғалиев зейнеткер ұстаз М.Ахметқалиқызы, облыстық Қазақ драма театрының актері М.Бектенов аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Амандәулетұлы Кама Хабиқызын сексен жылдық мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті.  Ақынның “Білуге құштармыз” өлеңін аудандық ”Балдырған” балабақшасының бүлдіршіндері оқып берсе, ”Қазақ тілін үйренейік балақай” өлеңін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 2-3 сынып оқушылары оқып берді. Соныман бірге ақынның бұл кешінде аудан жастары да ақын өлеңін оқудан шет қалмады. ”Өмірім егіз өрім еліменен”, “Адамзат мұраты”, ”Отаным”, ”Сырым ата ұйқыңнан оян бүгін”, ”Қазақ тілі, ана тілі халқымның” және ”Бұл Жымпиты – зерделілер мекені” өлеңдерін оқыды. “Қарты бар үйдің қазынасы бар” деп  қазақ текке айтпаған. Жан дүниесі қазынаға бай Кама әжесінің ”Арнау”, “Табиғат және адам” атты өлеңдерін ақынның немерелері Нұржаһан мен Жігер Ақмамбетовтер оқыды. Кама Хабиқызының “Анашым”, ”Жан әке”, ”Терме”,  ”Астана” әндері мен термесін аудандық  мәдениет үйінің әншілері шырқаса, биші Б.Жұмағалиева “Аққу” биін аса шеберлікпен орындады. Облыстан арнайы келген қонақтар Ж.Ғатауова “Жас келін” әнін К.Мұхамедовтың баян аспабында сүйемелдеуімен шалқыта шырқады. Әнші-композитор Ж.Ғайсағалиев те өзінің ақынға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, өзінің “Анаға сый” әнін тарту етіп, одан кейін әні мен сөзін Кама Хабиқызы жазған  “Құт мекен – Жымпиты” әнін орындады. Кеш соңында Кама Хабиқызы кешті ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және келген көрермендерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Нұрлан Бердіғалиұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар