18.02.2016, 17:23
Қараулар: 75
Су – тіршіліктің көзі

Су – тіршіліктің көзі

6.18.02.16Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер.

 «Сырым мемлекеттік комму-налдық кәсіпорны» Сырым ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы №230 қаулысы негізінде құрылған және әділет басқармасына тіркелген Жарғысы негізінде жұмыс жүргізуде. Кәсіпорынның негізігі қызметі елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды қүтіп ұстау.

«Сырым» МКК-ны аудан көлеміндегі орталықтандырылған ауыз су құбырларынан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Атап өтетін болсақ, Жымпиты-Өлеңті, Талдыбұлақ ауылдарына “Ақбұлақ” бағдарламасымен сумен қамтамасыз етілуде. Ал, енді  Аралтөбе, Қоңыр, Шағырлой, Тоғанас,  Қособа, Бұлан, Алғабас елді мекендердегі орталықтандырылған ауыз су құбырларын сенімгерлік басқаруға алып, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудеміз. Бұның сыртында тұтынуға жарамды ауыз су көздері жоқ Бұлан ауылдық округінің Жамбыл елді мекеніне және Қосарал елді мекеніне ауыз суды автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастырудамыз. Жақын арада Шағырлыой ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін Аққолқа нүктесіндегі су тартқыш насосты және трансформатор істен шығуына байланысты Сарой ауылына да ауыз суды автокөлікпен тасымалдаудамыз.

Қазіргі кезде Жымпиты-Өлеңті ауылдары тұрғын үйлеріне «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су кіріп тұр. Алайда, көптеген тұрғын үйлерге су есептегіш құралдары орнатылмаған. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап су есептегіш орнатылмаған аббоненттерден төлемақыны толық қуатымен алуды көздеп отырмыз. Ауылымыздың ауыз суы тазалығын «БҚО санитарлық-эпидемиологикалық сараптама орталығы» РМКК Сырым ауданы бойынша филиалының қызметкерлері көмегімен үнемі бақылап, ауылымыздың су ұңғымаларын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз. Жымпиты-Өлеңті ауылдары бойынша барлық су құбырларына дезинфекция жасалды. «Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздандырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерінің орнатылуы қажет. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстануы керек. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар.

Қазіргі таңда ауылымызға ауыз суды төмендегі уақытпен берудеміз.

Жұмыс күндері. Сенбі, жексенбі күндері.
7 00 – 10 00 су беріледі  8 00 – 10 00 су беріледі
10 00 – 12 00 үзіліс 10 00 – 12 00 үзіліс
12 00 – 14 00  су беріледі 12 00 – 16 00  су беріледі
14  00 – 17 00 үзіліс 16 00 – 18 00 үзіліс
17 00 – 21 00 су беріледі 18 00 – 22 00 су беріледі
21 00 – 7 00 үзіліс 22 00 – 7 00 үзіліс

Салауат Ғабдуллин,

«Сырым» МКК директоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар