18.02.2016, 17:25
Қараулар: 23
Арманның азаматтығы

Арманның азаматтығы

Дағыстан елінен 33 бас асыл тұқымды жылқыларды сатып алып, тіркемелі «Камаз» көлігімен Самара-Шымкент күре жолы бойымен келе жатырған шымкенттік жігіттер Жымпиты ауылы орталығына жете бере, оқыс оқиғаға душар болды.

Көлік үстіндегі жылқылардың салмағы алып кетті ме, әлде тайғақ жолдың әсері болды ма екен тіркемелі көлік жолдың шетіне қисая аударылып, жылқылар жан-жаққа бытырай қашты.

Міне, жол азабы, басқа түскен қиындық деген осы емес пе? Ауыл шетінде орналасқан «М-32» кафесінің иесі Рафик Камалиев қиындыққа душар болған шымкенттік жігіттердің қасынан табылып, «ДЭУ №39» жол жөндеу мекемесіндегі жігіттердің көмектері арқасында аударылған көлікті қалпына келтіруге жәрдемін тигізсе, Арман Байтасов, Сағидолла Марданов сияқты азаматтар Дағыстан елінен сатып алынған 33 бас жылқыны шашау шығармастан, өздерінің міністегі аттарымен қайырмалап айдап, аулаға қамау жағын ұйымдастырған.

Арманның ең басты азаматтығы – шымкенттік үш жігітті үйінде екі күн бойы қонақ етіп, демалуға қалыпты жағдайлар жасаса, 33 жылқыны да уақытылы суғарып, жем-шөппен қамтуды да Арман өз міндетіне алды.

Әлқисса, сонымен, кездейсоқ жол апатына ұшырап, ақыр соңы аман қалған шымкенттік жігіттер жымпитылық Р.Қамалиев, Ә.Табышев, Б.Бисалиев, А.Байтасов, С.Марданов сынды азаматтардың қамқорлықтарына риза болып, елдеріне аттанып кетті.

М.ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар