12.05.2016, 16:20
Қараулар: 82
Бейбіт күн жасасын әлемде

Бейбіт күн жасасын әлемде

Сырым ауданының «Психо-логиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мекемесінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Отан үшін жан қиған майдангер ардагерлеріміздің ерлігі мен батылдығын үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Бейбіт күн жасасын әлемде»  атты тәрбие сағаты өткізілді. Мекеме меңгерушісі Аида Кимқызы балаларды Ұлы Жеңіс мейрамымен  құттықтады. Бүлдіршіндеріміз би билеп, өнерлерін көрсетті. Соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ешнәрсе де   ұмытылмақ  емес.

Р.ЕрмҰханова,

Сырым ауданының «Психологиялық-педагогикалық»

түзеу кабинетінің психолог  маманы,

 Г.МЕРҒАЛИЕВА,

әлеуметтік  педагог

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар