12.05.2016, 16:29
Қараулар: 21
Мерекелік шара

Мерекелік шара

Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешенінде Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет акциясы” аясында ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» атты тақырыпта көпшілікпен тарихи-танымды кеш өтті. Бұл шараға ардагер аталарымыз, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.

Мектеп кітапханашысы Әлия Сарсалиева алдымен кешке қатысып отырған барлық қонақтарды Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, «Отты жылдар жаңғыры» атты тақырыпта баяндама оқыды.

Оқушылар шараға белсене қатысып, ән, өлең айтып, өз өнерлерімен көпшілікті тамсандырды.

Кештің қонағы Сайын ата Ұлы Жеңіс туралы айтып, өзінің ыстық ықыласымен алғысын білдірді.

Әлия Сарсалиева,

жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің кітапханашысы