12.05.2016, 16:30
Қараулар: 29
Ардагерлер сайысы

Ардагерлер сайысы

???????????????????????????????Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында зейнеткер ардагерлер арасында аудандық спартакиада оздырылды. Аудандық ардагерлер кеңесі мен «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен бұл шара аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Жымпиты, Жетікөл, Жосалы, Бұлдырты, Бұлан ауылдарының зейнеткер ардагерлері қатысқан бұл сайыс спорттың төрт түрін қамтыды. (шахмат, дойбы, үстел теннисі, қол күресі). Аталған бұл сайыстың нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша Жымпиты ауылы І орынды иеленсе, Бұлдырты ауылы ІІ орынды, ал, Жетікөл ауылдық командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қайсар» спорт клубының арнайы дипломы мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталса, жеке кәсіпкер Қ.Жаужиев те қаржылай сыйлықтарымен марапаттады.

 Нұрлан Бердіғалиұлы,

Жымпиты ауылы