12.05.2016, 17:16
Қараулар: 48
Қоғамдық кеңес жұмысқа кірісті

Қоғамдық кеңес жұмысқа кірісті

2015 жылдың 2 қарашасында «Қоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталмыш Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейлерде құрылады және автономды, дербес болып табылады. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер – жергілікті мемлекттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар. Олар облыстық, қалалық, аудандық деңгейде құрылады. Ауылдық округтердегі қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналыстарына жүктеледі.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем болмауы тиіс.

Қоғамдық кеңестер қызметінің басты мақсаты қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылды. Қоғамдық кеңестің жоғары органы отырыс болып есептеледі.Отырыстар арасында кеңестің жұмысына басшылықты төралқа жүзеге асырады.

Қабылданған заңға сәйкес ауданда қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық мәслихаттың сайтында хабарландыру жарияланды. Белгіленген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ұсыныстардың негізінде 25 адамнан қоғамдық кеңестің құрамы, ал оның алғашқы отырысында кеңес төрағасы, хатшысы, төралқа құрамы сайланып, аудандық мәслихаттың сайтында жарияланды. Сондай-ақ қоғамдық кеңестің ережесі мақұлданып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылды.

Құрылғаннан бері қарай қоғамдық кеңестің 3 отырысы өтіп, онда аудан әкімінің есебі тыңдалды. Кеңестің комиссиялары құрылып, олардың құрамы мен төрағалары сайланды, жұмыс жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылдың 18 сәуірі күні кеңестің төралқа отырысы өтіп, Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаевтың хабарламасы тыңдалды.

Аудандық қоғамдық кеңес өз жұмысын Заңда бекітілген ережеге сәйкес ұйымдастырып, ол жөнінде жұртшылық бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы хабардар етіліп отыратын болады.

         А.ҒАЛЫМОВ ,

            аудандық Қоғамдық

            кеңестің төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар