12.05.2016, 17:23
Қараулар: 65
Жеңістің 71-ші көктемі

Жеңістің 71-ші көктемі

???????????????????????????????9 мамыр күні аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш алдында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Жеңістің туы, желбіре!» атты мәдени шара өтті.

Жеңіс күні – ең қымбатты, қуанышты да мәртебелі мереке. Бұл мереке жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген қастерлі күн. Еліміздің ән ұранымен ашылған осы мереке күні аудан әкімі А.Шыныбеков сөз алып, аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады. Одан кейін Ұлы Отан соғысының ардагері Латифолла Кереев сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, аудан жастарына ұлағатты ақыл-кеңесін айтты. Осы ардагердің ақ тілегі мен аталы сөзінен кейін, 1941-1945  жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді 1-минөт үнсіздікпен еске алу рәсімі болды. Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлерді жас ұрпақтың жадында мәңгі қалдыру мақсатында соғыста қаза тапқан, елге оралмаған жауынгерлерге арнап, еңселі ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Бұдан кейін мереке орталық алаңдағы сыртқы сахнада соғыс ардагерлеріне арналған майдан жылдарынан аудан көркемөнерпаздарынаң дайындаған театрландырылған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Осындай жан тебірентерлік сезімге бөлеген мереке соңы Т.Шайхиев пен А.Жұманың орындауындағы Владимир Харитонов пен Давид Тухмановтың тамаша туындысы, бүгінде Жеңіс күнінің ұранына айналған «День Победы» әнімен аяқталды.

 Нұрлан Төлеуішов,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар