12.05.2016, 17:32
Қараулар: 70
Жеңімпазға құрмет

Жеңімпазға құрмет

???????????????????????????????Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орайластырылған аудандық мерекелік шарадан соң аудан әкімі Абат Шыныбеков Ұлы Отан соғысының ардагері, абыз ақсақал Латифолла Кереевтің шаңырағына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиевпен арнайы барып, төл мейрамымен құттықтады.

Абат Абайұлы Ұлы Жеңістің куәгеріне бүгінгідей бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіріп, ұрпағының қызығын әлі де көре беруге тілектестігін жеткізді.  Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың арнайы жіберген құттықтау хаты мен аудан әкімінің құттықтауы жазылған ашық хат, «Uniserv» компаниясының құттықтау мен ақшалай сыйлығын және ауданның белгісі бейнеленген қол сағат табыс етті.

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар