26.05.2016, 11:29
Қараулар: 43
Елін қорғау – ердің міндеті

Елін қорғау – ердің міндеті

12.26.05.16Қазақстан Республикасының 2012 жылғы «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №620 қаулысына сәйкес, сонымен қатар, ҚР Президентінің «Әскери қызметін белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі  әскери қызметшілерді  толысқа шығару жарлығы бойынша әскерге шақыру жүргізіліп келеді. Сырым ауданы әкімінің  2016 жылғы 19 сәуірдегі  «2016 жылдың сәуір-мау­сым және қазан-желтоқсан азамат­тарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес әскерге шақыру ұйымдастырылуда.  Әскер қатарына шақыру басталмастан бұрын, шақыру комиссиясының мүшелерімен,  дәрігер-мамандар, шақыру жұмыстарына  бөлінген техникалық жұмысшылармен бір күндік  нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді. Әскери есеп мамандарына,  азаматтарды көктемгі әскерге шақыру кестесі таныстырылып, кестеге сай әскерге шақыру қағаздары тапсырылды. Шақыру учаскесіне шақырылғандар – 1989-1998 жылдары аралығында туылған мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар.

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен 45 адамға Сырым ауданына тапсырыс берілді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскерлеріне әскерге шақырылушыларды жөнелтіп,  тапсырыс 100 пайыз орындалды.

Шақыру комиссиясына барлығы 300 азамат шақырылса,  келгені – 145, 155 азамат келмеді. Шақыру комиссиясына келген азаматтардың 27-сі әскерге жарамды болса, 6-ауы шамалы шектеумен жарамдылар, әскери қызметке уақытша жарамсыздар – 7. Денсаулығына байланысты жарамсыз болып, 15 азамат толысқа берілді. 102 азамат әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылды.

Шақыру барысында жақсы жұмыстарымен көзге түскен Жосалы, Жетікөл, Бұлдырты ауылдық округінің әскери есеп жетекші мамандарын атап өтуге болады.

Әскерге шақырылушылар келмей, әскери қызметтен бас тартқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің  387 бабы бойыша  бір айлық көрсеткішке  дейін айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 12 азамат әскерге кетсе, оның ішінде 12-сі Алғабас, 2-еуі Шолақаңқаты, 4-еуі Бұлдырты, 2-еуі Жетікөл, 1-еуі Аралтөбе ауылдық округінен. Ал аудан орталығы Жымпитыдан 2 азамат әскерге аттанды. Олар: 1994 жылы туылған Қуанай Айбек Абдрахманұлы мен 1995 жылы туылған Бисембаев Абай Амангелдіұлы, Шымкент қаласындағы №35748 әскери бөлімшесінде азаматтық борыштарын өтеуде.

Мұратбек Сәрсенғалиев,

Сырым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар