26.05.2016, 11:42
Қараулар: 39
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2016 жылдың мамыр айының 18 күні Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 189-бабына өзгерістер енгізілуіне байланысты талқылау жиыны өтті. Өзгеріске сәйкес баланың тууын тіркеу мерзімдері өзгерілгені туралы, бұрын баланың тууын тіркеу туралы өтініш оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдармен тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс болса, енгізілген түзетулерге сәйкес, баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар бала өлі туылған кезде медициналық ұйымының жауапты лауазымды адамымен өтінішті беру мерзімі босанған кезден бастап бес тәуліктен бір жұмыс күнге дейін қысқартылды.

Осыған байланысты Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы К.Ишанғалиев, Жымпиты ауылдық округінің бас маманы Д.Искакова және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен  Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Ишмұханова тіркеуші органдарға өтпелі кезеңде, заңнамамен белгіленген мерзімде тууды уақытында тіркеуді қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімдеріне тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы өзекті мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері өздерінің сұрақтарын қойып қойылған сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды.

 А.ИшмҰханова,

Сырым ауданының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт

бөлімінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар