26.05.2016, 11:50
Қараулар: 32
Тәуелсіздік – елдігімнің белгісі

Тәуелсіздік – елдігімнің белгісі

07.26.05.16Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасының атымен тікелей байланысты.Қазақстан өз тәуелсіздігін жиырма бес жыл ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Бұл мереке еліміз үшін, әрбіріміз үшін аса маңызды.

Тәуелсіздік – өз еркімізбен таңдауға мүмкіндік беретін біздің басты құндылығымыз. Тәуелсіздік Қазақстан өміріне жаңа тыныс берді, рухани даму, экономикалық өрлеу мен әрбір азаматтың әл-ауқатының  артуына жол ашты. Елбасының дана саясатының арқасында жас мемлекетіміз бүгінде алыс және жақын шетелдерге танылды, әлеуметтік өмір мен экономика салаларында едәуір табыстарға жетіп отыр.

А.Қаналиева,

ЖББ Тасқұдық негізгі мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар