23.06.2016, 16:26
Қараулар: 195
Қауіпсіз тағам — денсаулық кепілі

Қауіпсіз тағам — денсаулық кепілі

10.23.06.16Ауданымызда жылма-жылғы еліміздің кейбір елді  мекендерінде кездесіп қалатын тамақтан улану, тағам, ауыз су арқылы  немесе  еңбек атқару кезінде кездесетін кәсіптік аурулар мен жұқпалы аурулардың  кездесуінен бұрынғы жылдармен салыстырғанда қолайлы жағдайдамыз. Атап айтсақ, туберкулез ауруы, іш шек, т.б. ауруларының тіркелу жайлары айтарлықтай төмендеуде.

Бұл – аудан дәрігерлері мен ТҚҚБ мамандарының  ауданымыздың атқарушы огандарының қолдауымен аудан көлемінде алдын алу шараларын әсерлі түрде, уақытылы, маусым алды жүргізіп отырғандығының дәлелі.

Тұтынушылардың құқықтарын білгізу мақсатында өткізіліп жатқан санитарлық ағарту және біліктілікті арттыру  шараларының әсерлілігінің  да алға басу жайын көрсетеді.

Аудан көлемінде ҚР Ата заңының негізінде қабылданған және дер кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған 2010 жылы 4-мамырда қабылданған №274-1V  ҚР Үкіметінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»  Заңы және   29.10.2016 ж  №375-V ҚР Үкіметінің қабылдаған  Кәсіпкерлік кодексі, т.б алын алу жұмыстарын үйлестіріп отыратын үкімет  заңдарын басшылыққа алынуының көрсеткіші.

Аталған іс-шаралар халыққа түсінікті түрде  және тұтынушылар-ды тарта отырып, жүргізілгенде ғана өз нәтижесін беретіндігі белгілі. Құрметті ағайындар,  сіздердің құқықтарыңыздың сақталуы бойынша атқарылып жатқан шараларға атсалысуларыңыздың арқасында ғана біз аурулардың алдын алу жұмыстарын атқара аламыз.

2016 жылдың 14-16 маусымында  Сырым аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және Сырым аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мамандарымен бірлесіп, азық-түліктен немесе олардың қоспаларынан улану мен ауру жұқтырулардың алдын алу мақсатында, азық-түлік сауда орындарына түскен өнімдердің  тұтынушыларға  сапалы  болуы, гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін өнімдерді сатып алған жағдайда, заңмен қорғалу құқығы бар екендігі  туралы түсіндіру  мақсатында  «Қауіпсіз тағам – денсаулық кепілі» акциясы өткізіледі. Акция өткізілу барысында  сіздер Сырым аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандарымен сараптама орталығынан көрсетілетін төмендегідей қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар:

-кеңес алуыңызға;

-алған өнімдеріңізді тағам өнімдеріне    ақысыз түрде сараптама орталығында зертханалық зерттеу жүргізіп алуға;

-жеміс-жидектердің құрамындағы пестицидтер мен нитраттардың мөлшерін тексеріп  алуға.

Ө.БЕКТЕНОВ,

Сырым аудандық ТҚҚБ ТҚҚ және санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің басшысы