30.06.2016, 11:07
Қараулар: 177
Орталықтардың өзгерістері

Орталықтардың өзгерістері

ҚРҮ №39 санды 29.01.2016 жылғы қаулысына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму  министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосылып 1 наурыз 2016 жылдан қайта құрылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК БҚО филиалының Сырым аудандық бөлімшесінің қазыргі атауы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес  акционерлік  қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті Сырым аудандық бөлімшесі болып аталады.

1 шілде 2016 жылдан бастап халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімінде ғана  зейнетақы және жәрдемақы тағайындау үшін барлық құжаттарды қабылдауды жүргізу пилоттық жобасы іске қосылады.

Атап айтсақ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімінде жаңадан тағайындалатын және бұрынғы тағайындалған төлемдер бойынша өтініштер қабылданады,ал «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті аудандық бөлімшесінде қабылданған құжаттарды өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жұмыс уақыты жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден кешкі 20.00 дейін үзіліссіз қызмет көрсететін болады.

Ж.Бекболсынова,

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

  АО БҚО бойынша филиалы

 «ЗТМО» департаменті Сырым

аудандық бөлімшесінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар