30.06.2016, 11:09
Қараулар: 217
Лагердегі күндер

Лагердегі күндер

Мен «Алақай, балақай» жазғы демалыс лагеріне бардым. Лагерде болған күндерім қызықты болды. Біз лагерде ойнаймыз, билейміз, ән айтамыз. Мен «Сұңқар» тобындамын. Өзіміздің ұранымыз бар. Лагерде менің достарым бар. Олар Тәрбие, Ақерке, Ақмоншақ. Олармен ойнаған қызықты. Нұрғанат ағай бізге таңғы жаттығу жасатады. Лагердегі апайларымыз қызықты ойындар ойнатып, әртүрлі сайыстар, байқаулар өткізеді. Бір-бірімізбен жарыса, таласа қатысамыз. Асханадағы аспазшылар тамақты дәмді етіп пісіреді. Біз бәрін тауысып жейміз. Лагерде табиғат аясына  шықтық. Ол күн өте қызықты өтті. Түрлі-түрлі ойындар ойнатты. Табиғат аясындағы ас өте дәмді болды. Мен лагерге белсене қатыстым, ән айттым, мәнерлеп өлең оқыдым, сурет салдым. «Алақай, балақай» жазғы демалыс лагері маған қатты ұнады.

Эльнара Амангелдиева,

В.И.Шубин атындағы ЖББОМ

2 сынып оқушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар