30.06.2016, 11:11
Қараулар: 182
Балалық бақыты

Балалық бақыты

Қазіргі кезде өте өзекті мәселе – бала тәрбиесі.Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Әрбір жанұя қоғам алдында жауапты.Мұны әрбір ата-ана білуі тиіс деп ойлаймын. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты екендігі бәрімізге белгілі. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек ету – басты парызымыз.Елімізде балалар үйінде,мектепте және басқа да қоғамдық орындарда зорлық-зомбылықтарға ұшырап жатады. Кәмелетке толмаған балалар әр түрлі ауыр жұмыстарға салынып жатады.Осының барлығы баланың толыққанды отбасында тәрбиеленбегендігінен немесе отбасындағы әр түрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін.Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беріп,жағдайын жасап отыру әрбір ата-ананың, қоғамның міндеті.Осы орайда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің кітапханасында оқушыларға отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты көрсету бағытында арнайы дайындалған көрмелер ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға бала еңбегін қанауға жол бермеу және оның алдын алу жөнінде толық мәліметтер беріліп, сауалнама жүргізілді.

Г.А.Алдамжарова,

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің

кітапханашысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар