30.06.2016, 11:13
Қараулар: 158
Тұрақтылықты бағалай білейік

Тұрақтылықты бағалай білейік

Өткен тарихи жылдарымызға көз жүгіртсек ата-бабамыз еліміздің, яғни қазақ ұлтының сақталуы жолында қаншама күрес жүргізді. Байтақ даламызды жау аяғына бастырмай ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Сырттан жерімізге, тілімізге, денімізге, салт-дәстүрімізге қауіп төнгендей батыр бабаларымыз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалды. Ата-бабамыз ұлан ғасыр атырапты ұрпағы, елі үшін сақтап қалса, әрмен қарай сақтап, дамыту – біздің міндет-парызымыз.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет. Бір атаның балаларындай бірнеше ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұған сыртымыздан қызығып та, қызғанып та қарайтындар бар шығар-ау! Жер-жаһан жаңалықтарына құлақ түрсек, өз тұрақтылығын сақтай алмай, саяси дағдарысқа түсіп жатырған елдер баршылық.

Еліміз ширек ғасыр уақытта алпауыт елдердің бір ғасырлық адымын аттап, экономика, мәдениет, спорт, ғылым-білім салаларында қаншама жетістіктерді бағындырды. Әрине бұның бәрі төккен тердің жемісі. Әрі қарай қоғаммен бірге дамуымыз қажет. Даму жолындағы бәсекелестікті нығайтып, жетістікке жету үшін ең бірінші өзіміздің тұрақтылығымызбен ұлттық бірлігімізді сақтау арқылы мықты ел боламыз. Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті мәңгілік ел болу үшін аянбай еңбек еті.

Әлемді болып жатырған саяси текетірестер, шаңырағын тастап босып жүрген босқындар туралы естігенде, қазақ елі солардың қателіктерінен сабақ алып, тұрақтылығы мен бірлігін бағалап, сақтай білсе екен.

Дастан Бурбаев,

Қособа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар