30.06.2016, 11:15
Қараулар: 276
Прокуратура көмектесті

Прокуратура көмектесті

Мен, Иманғалиев Амангелді 15 мамыр 1947 жылы Жымпиты ауданы Маркс селолық советінде дүниеге келдім. 1954-1962 жылдары аралығында Маркс селолық советінде орта мектепті тәмамдадым.  1962 жылы Тасқұдық совхозына қоныс аударып, ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еттім. 1967 жылы Люда Ақшабақовамен шаңырақ көтеріп, 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірдім. Бүгінде ұлым ұяға, қызым қияға қонып, немерелерімнің арасында бақытты да бақуатты ғұмыр кешудемін. Кенже ұлымның қолында тұрамын.

Менің айтпағым, дүниеге келу фактім өз кезінде құзіретті органдарда тіркелмей, маған туу туралы куәлік берілмей қалған. Соның салдарынан күні бүгінге дейін  зейнеткерлікке құжат тапсыра алмай жүрдім. Өз құқығымды қалпына келтіру мақсатымен көмек сұрап, Сырым аудандық прокуратурасына жүгіндім. Менің берген өтінішім бойынша аудан прокуратурасының прокуроры Нарматов Бауыржан Ахтанбердіұлы қолға алды.

Жас кадр Бауыржан Нарматов  өтінішім бойынша қажетті құжаттарды тез жинақтап, сапалы талап арыз жасақтап, сотқа жолдады. Сотта іс қаралған кезде де Бауыржан Ахтанбердіұлы өзінің білікті, сауатты  маман екенін дәлелдеді.

Қазір менің құжатым қалпына келтіріліп, дүниеге келу фактім құзіретті орындарда тіркеліп, туу туралы куәлікке қол жеткіздім. Еліміздің жарқын болашағы үшін Бауыржан Нарматов сынды білімді, өз ісіне шебер жастар көп болса екен деймін.

Амангелді Иманғалиев,

Тасқұдық ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар